Күзде Астанада Димаштың жеке концерті өтеді

8 Шілде, 10:27 552

Отандық әнші Димаш Құдайберген күзде V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Астанада жеке шығармашылық кешін береді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Концертті еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдап отыр. Бұл туралы өнер иесі Instagram парақшасында жазды.

Құрметті достар! Биыл Астанада 8-14 қыркүйек аралығында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өткізілмек. Дүниежүзінің 100-ден астам мемлекетінен түрлі сайыстарға қатысу үшін 4 мыңнан астам спортшылар келеді деп күтілуде. Осы әдемі мереке аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен , "ДимашАли" шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен "Астана аренада" менің "Stranger" атты жеке концертім өтеді. 
Билеттер сатылымына қатысты ақпарат жақын күндері беріледі. Менің ресми аккаунттарыма назар аудара жүріңіздер. Концертте кездесейік, достар!,-деп жазды Димаш Құдайберген.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: