“Күйеуіңізден қымбат сыйлық алғыңыз келсе курсымды алыңыз”. Қыран Талапбектің екінші әйелін жұрт сынап жатыр

28 Қыркүйек 2023, 15:21 2092

Танымал мобилограф Қыран Талапбектің екінші әйелі Гүлзада Тұрлаш “Бақытты әйелмін” атты курс сатып жатыр. Өзін эксперт ретінде таныстырып, қыз-келіншектерге күйеуінен қымбат сыйлық алудың жолдарын үйретпекші, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Тұрмысқа шыққанына екі айдан енді асқан Гүлзада Тұрлаш ер мен әйелдің қарым-қатынасы бойынша білім алып, 20 мың теңгеге курс жасап шығарған.

“Бақытты әйелмін” деп аталатын авторлық курсым 35 сабақтан және бірнеше модульден тұрады. Мұнда әйелдер қауымына пайлады тақырыптарды талқылаймыз. Мен сіздерге өзіңізді бағалауды, ер адамдармен қалай қарым-қатынас құруды және қалаған дүниеңізі күйеуіңізден сыйлыққа алуды үйретемін”, – деп қызықтырды блогер қыз-келіншектерді.

Желіде Қыран Талапбек сыйға тартқан қымбат көлікті көрсеткен ол өзін қарым-қатынас экспертімін деп таныстырды.

“Мына көлікті маған күйеуім үйленгеннен кейін бір айдан соң сыйға тартты. Ер азаматыңыздан әлемдегі ең керемет сыйлықтарды алғың келсе “Бақытты әйелмін” авторлық курсыма шақырамын. Бірге бақытты болайық”, – деп видео жариялады блогер.

Алайда енді ғана тұрмысқа шығып, бақытты болуға, күйеуінің ақшасын жұмасаудың жолын үйретемін деген Гүлзада Тұрлашты көпшілік сынап тастады. Олардың қатарында отандық журналистер мен тележүргізушілер де бар. 

Гүлзада Тұрлаштың бұл ісіне қапалы екенін жеткізген Айгүл Мүкей желіде жазба жариялады.

“Қыран Талапбекті құрметтеймін. Өте талантты жігіт. Мүмкін, әйелі де жақсы шығар… Бірақ бітпейтін курсты осылайша жарнамалағаны дұрыс нәрсе емес. “Басқа нәрсе айтқысы келді” деп жазбай-ақ қойыңыздар. Мен есту керек сөздерді естідім.”, – деп жазды Айгүл Мүкей. 

“Сөз жоқ”, “Қандай экспертпін дейді және неге? Жарайсың”, – деп пікір қалдырды Мәдина Балғабаева мен Дана Нұржігіт.

Кеше ғана тұрмыс құрған жас блогердің ақыл үйрететін білгенде желі қолданушылары ашуға мінді.

“Сен әлі бақыттың қадіріне жеткен жоқсың”, “Кеше байға тиіп, бүгін эксперт пе?”, “Кеше ғана күйеуге шықты, бүгін ақылшы дейсің ғой”, “Жастай ажырасып, екінші рет күйеуге тиген 25 жастағы блогердің ақылын тыңдасақ біткен жеріміз осы шығар”, “Бір байдан, екінші байға тиіп “эксперт” болып шыға келді”, – деп жарыса жазды желідегілер.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Aigul Mukei (@aigulmukei)

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: