Күйеуім көзіме шөп салса кешіретін шығармын - Дариға Бадықова

7 Қараша 2023, 15:15 3050

«Айсара» образымен танылған актриса Дариға Бадықова опасыздық тақырыбын қозғап, оған қатысты не ойлайтынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Менің әкем немерелері жалаңаш жүрсе жақтырмайтын.Қазіргі психологтар онда тұрған не бар деуі мүмкін. Ол содан қалған тәрбие. Менің қыздарымды әкесі ешқашан тосқан емес, жуындырған емес. Ер адам бірінші торт таңдайды сосын басқасына араласады. Әрі қарай сен соған ұнайтын затты алып, өзіңе ұнайтыннан бас тартасың. Сосын ол сенің қалауыңа араласады. Бұл өте қауіпті. Сондықтан әркім өз орнын білуі керек. Ер адам осылай жәйлап майдаланады.Отбасында сыйластық, баланс болуы керек. Сол кезде ғана ер мен әйел бақытты өмір сүре алады. Бақыт деген сол ортақ түсіністік, - дейді актриса Дина Төлепбергенге сұхбатында.

Ол қазіргі уақытта опасыздықты кешіре алатынын айтып қалды.

Қазір мен ақыл тоқтаттым. Бұрын 22-25 жасымда опасыздықты кешірмейтін едім. Қазір кешіретін шығармын. Қазір даналығым басқа шығар. Жас күнімде күйеуім көзіме шөп салса кешірмес едім. қазір мүлде ондай ұстанымда емеспін. Адамға ақыл жасымен, өмірлік тәжірибемен келеді екен. Мысалы қазір ондайға мән бермес едім. Өйткені артын ойлайсың, соңын бағасың. Қазір міне дана жасқа келе жатырмын. Отбасында ер адам өз ақшасын өзі, әйел адам өз ақшасын өзі ұстауы керек. Отбасылық дүниеге  бірге шығаруы керек.,-дейді Дариға Бадықова.

Алмас Абылай
Бөлісу: