«Күйеуі мүлде іздемеген». Оралда 3 баланың анасы 20 күннен бері табылмай жатыр

21 Мамыр, 13:28 2046

Оралда 20 күннен астам уақыт бұрын жоғалып кеткен 3 баланың анасы табылмай жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айнагүлдің туыстары, күйеуінің ұрғанына шыдап, үйден кетіп көрмегенін айтады. Үш баланың кенжесі небәрі 4 жаста.  «Немолчи.кз» қорының басшысы Дина Таңсәрінің айтуынша, келіншектің әріптестері оның жоғалғанына күмәнмен қарайды. Себебі, күйеуі тек полиция келгенде арыз жазуға мәжбүр болған.

Айнагүлдің ата-анасы жоқ, алыс туыстары ғана бар. Полициядан осы істі назарға алып, бақылауын сұраймыз. Күйеуі жалдамалы пәтерінен көшіп кеткен. Мүмкін, ұрып-соғудың, зорлық-зомбылықтың кейбір заттай дәлелдері жоғалып кеткен болуы мүмкін, - дейді Дина Таңсәрі.

Сондай-ақ #Немолчикз Орал қаласының тұрғындарынан Айнагүл жайлы қандай да бір ақпарат болса, полицияға немесе +77051510000 сенім телефонына хабарлауды сұрайды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: