Кувейттегі алапат өрт: 50 шақты адам көз жұмды

13 Маусым, 13:28 557

Кувейттің Мангаф қаласындағы тұрғын үйде болған алапат өрттен 50-ден астам адам қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көз жұмғандардың басым бөлігі Үндістан азаматтары. Олардың барлығы жұмысшылар екен. Жергілікті БАҚ өкілдері өрт кезінде ғимаратта 195 адам болғанын жазып жатыр.   

Өрт бірінші қабаттағы асүйден шығып, тез арада ғимаратты шарпыған. Тұрғындардың көпшілігі үйлерінен шыға алмай қалған. Одан қалды шатырға шығатын есік те жабық болған.

Өрт сөндірушілер қауіпсіздік ережелері сақталмаған деп отыр. Ал қала басшылығы қайғылы оқиғаға ғимарат иелері жауапты деп санайды.

Кувейт билігі кінәлілерді тез арада жауапқа тартуды тапсырды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: