2025 жылғы 23 сәуірде Ыстамбұлда болған жер сілкінісі әлдеқайда ауқымды сейсмикалық оқиғаның хабаршысы болуы мүмкін, ал оның магнитудасы 7-7,2-ге жетуі ықтимал. Мұндай мәлімдемені түрік сейсмологы Ахмет Эрджан жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, жер сілкінісінің кіндігі сол аумақта, 7-ден 13 шақырым дейінгі тереңдікте орналасады, бірақ дүмпулер 22 есе күшті болады.
Менің зерттеулеріме сәйкес, бұл үлкен жер сілкінісі шамамен 2045 пен 2075 жылдар аралығында болады деп күтіледі, – деді сарапшы РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында.
Эрджан сондай-ақ 1999 жылдан кейін салынған, құрылысқа қатысты қатаң талаптар енгізілген уақыттағы үйлерде тұратын және жері берік аудандарда орналасқан тұрғындарға алаңдаудың қажеті аз екенін атап өтті.
6,2 магнитудалы жер сілкінісі 2025 жылғы 23 сәуірде сәрсенбі күні Мәрмәр теңізінде, Ыстамбұл жағалауында тіркелген болатын. Одан кейін 20 шақты афтершок болды.
Апат салдарынан 236 адам зардап шеккен, бірақ қаза тапқандар мен ірі қираулар тіркелген жоқ.