Күршім ауданында 2 тонна солярка тиелген жүк көлігі аударылып қалды

21 Шілде 2023, 15:03 873

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында 2 тонна солярка тиеп келе жатқан жүк көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Оқыс оқиға 20 шілде күні Бурабай ауылының маңында болған.

2 тонна солярка тиеп келе жатқан жүк көлігі аударылып қалды. Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ. Сол жерге келіп жеткен полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізуде. Оқиғаның толық мән-жайы содан кейін белгілі болады, - делінген ақпаратта.

Еске салсақ, 7 шілде күні Күршім ауданында 23 тонна күкірт қышқылын тиеп келе жатқан жүк көлігі аударылып түскен болатын. Соның салдарынан жерге 20 тоннаға жуық күкірт қышқылы төгілген еді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: