Курсанттардың ұшу даярлығы басталды

23 Маусым 2016, 07:46

Болашақ әскери ұшқыштар

«Хлебодаровка» әуеайлағының базасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының 4-курс курсанттары оқу-жаттықтыру секірулерін орындауға кірісті.

Жаттықтыру секірулері 600 метр биіктіктен Д1-5У парашютінде орындалды.  Практикалық сабақтар аяқталғаннан кейін курсанттарды екі топқа бөліп, оларға ұшқыш нұсқаушыларды бекітіп берді. Әрі қарайғы сабақтар солардың жетекшілік етуімен өткізілетін болады. Курсанттардың ұшу даярлығы ағымдағы жылдың қыркүйегіне дейін жалғасады.  Практика кезінде әрбір курсант МИ-8 тікұшағында 20 сағаттан ұшып өтуі тиіс. Осыны аяқтағаннан кейін  олар мемлекеттік емтихан тапсыруы тиіс.  Содан кейін ғана оларға «лейтенант» әскери атағы беріледі. 

 

Мұндай практика барысында курсанттарда әуе жауынгерінің қасиеттері қалыптасады. Себебі, өздігінен ұшу кезінде ғана  авиация мен Отанға қызмет етуге өзін сарп етуге әзір ұшқыш өмірге келеді. Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты Қазақстан ӘӘК үшін кадрлардың негізгі ұстаханасы болып табылатынын айта кеткен жөн.  Жоғары оқу орнында майдаңшептік, армиялық және әскери-көлік авиациясы үшін шабуылдаушы ұшқыштарды, сондай-ақ барлық қажетті саладағы инженерлерді дайындайды.

Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының тарихы

Алғашында әскери институт Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылы 4 маусымдағы № 688 қаулысына сай «Ақтөбе жоғары азаматтық ұшқыш авияциясы Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т.Я.Бегельдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтына» ауыстырылды. Алайда, 2003 жылы 10 шілдедегі № 684 қаулы бойынша Ақтөбе  жоғары азаматтық ұшқыш авияциясы Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т.Я.Бегельдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты ретінде атауын өзгертті.    

 

Қазір аталмыш білім ордасында 8 мамандық бойынша әскери мамандар даярланады. Осы жылы алғаш рет Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтында әскери-медициналық факультет құрылатынын айта кеткен жөн.

Мамандықтар:

Қазіргі уақытта институт курсанттарды дайындау үшін қажетті оқу-материалдық базамен қамсыздандырылған. Мұнда профессорлық-оқутышылық, ұшқыштық-нұсқаулық, инженерлік-техникалық құрамдағы жоғары кәсіби мамандардың ұжымы жұмыс істейді. 2005 жылғы 30 қарашадағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт ұйымы Қорғаныс Министрлері Кеңесінің шешіміне сәйкес Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты  Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт ұйымына  мүше мемлекеттердің Қарулы Күштеріне әскери кадрларды бірігіп дайындайтын оқу орындардың тізіміне қосылған.

1998 жылдың 22 тамызында мемлекет Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғары Бас қолбасшысы авиаторлардың – бірінші офицерлер бітіруіне қатысқан. Сол уақыттан бастап әскери білім ошағын 1000-нан астам офицерлер тәмамдады. Авиацияның басты мамандықтарының бірі болып инженер ұшқыштың мамандығы болып саналады. Заманауи жауынгерлік ұшақтардың және тікұшақтар құрылымының қиындығы бүгінгі таңда ұшқыштан терең инженерлік білімді талап етеді. Сол себепті болашақ ұшқыштарды тек ұшу мамандығына ғана емес, сонымен бірге ұшақты басқару, әуе ұрысын жүргізу және бомбалау, ұшқыштық аппараттардың барлық жүйелерін сапалы пайдалануға үйретеді.

Штурман-инженер  мамандығын меңгерген маманның жауапкершілігі ұшқыштан кем емес. Ұшу барысында штурман көздеу мен есепке жүйрік болуы тиіс. Оның негізінде белгіленген маршрут бойынша максималды нақты ұшақты жүргізу үшін және анықталған уақытта оны көздеген мақсатына шығару үшін ұшқышқа курсты, жылдамдықты, ұшу биіктігін анықтайды. Штурман-инженердің міндеттеріне әуе қозғалысында мыналар кіреді: жауынгерлік тәртіптерді тізудің әр-түрлі қимылдарын және жіберілуін қамтамасыз ету, олардағы белгіленген әр ұшу аппаратының анықтауы, алдау тәсілдері мен жерге қону амалдарын қамтамасыз ету, авиациялық бөлімшелермен олардың жауынгерлік міндетін орындауда басқаруды қамтамасыз ету.

Инженер-механик техникалық қызмет көрсету және ұшақтар мен тікұшақтарды жөндеуде жұмыс атқарады, олардың жүйелерін, ұшу аппараттарының жанар-жағар маймен, арнайы сұйықтықтармен және газдармен қамтамасыз ететін  жердегі қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Радиоинженер техникалық пайдалануды және ұшу аппараттары мен жердегі радиотехникалық құралдардың радиоэлектронды құрал-жабдықтарын қамтамасыз етеді Инженер-электрик авиациялық құралдарға қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді: электр жабдықтарын, электрлік жүйелерді және күштік құралдарды бақылау жабдықтарын, ұшқыштық-көздеу жабдықтарды, арнайы биіктіктегі құралдарды, авиациялық техниканың қалпы жүйелерінің борттық автоматтандырылған жүйелерін қосқанда. Инженер-электр жөндеуші көздеу жүйелерінің, ракеталық, ұшу аппаратттрының  бомбардирлық және артиллериялық қару-жарақтыңғ жердегі техникалық қарулану құралдарының техникалық қолдануы мен жөндеуін қамтамасыз етеді. Түлектерге офицерлік «лейтенант» шені беріледі, жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін кеуде белгісі мен белгіленген үлгідегі диплом беріледі.

Былтыр аталған білім ошағын 150-ге жуық курсант тәмамдады. Елу шақты курсант ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы шеңберінде білім нәрімен сусындауда. Білім мекемесінің техникалық базасы жыл санап нығайтылып, жаңа үлгідегі ұшақтармен, тікұшақтармен толығуда.


Әзірлеген Тұмар АСЫЛ  

Бөлісу: