Күріш бағасы қымбаттай ма? Сейілбек Нұрымбетов жауап берді

4 Шілде 2023, 16:40 1118

ҚР ЭТРМ Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Сейілбек Нұрымбетов су тапшылығынан егіс көлемі азайып кетті деген пікірді жоққа шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингтің сұрақ-жауап бөлімінде тілші Сейілбек Нұрымбетовке «Қазақстанда құрғақшылық салдарынан күріш бағасы қымбаттайды деген ақпарат шықты. Сырдариядағы судың тапшылығынан соңғы екі жылда күріш егістігінің саны азайып кеткен. Бұл мәселені қалай шешесіздер? Жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатыр ма? Жүргізілсе, неге нәтижесіз?» деп сұрақ қойды.

Оқи отырыңыз:

Егіс көлеміне байланысты күріштің нарықтағы бағасы белгілі. Негізінен күріш Қызылорда мен Түркістан облыстарында егіледі. Егістің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 9,5 мың гектарға дейін ұлғайған. Қазіргі уақытта қолда бар су көктемдегі болжамдармен расталған жоқ. Сондықтан негізгі күріш егілетін Қызылорда облысы бойынша Шардара қоймасына жиналған су мен келіп жатқан судың көлемін ескере отырып, облыс әкімдіктеріне, су шаруашылығы мекемелеріне барлық лимиттердің азайтылғандығы жайлы ақпарат жеткізілген, - деп жауап берді Сейілбек Серғазыұлы.

Сондай-ақ ол қазіргі уақытта қолда бар сумен кезектестіріп суару, үнемдеу арқылы, су жүйелерін тазалау бойынша шараларды атқара отырып, нақты егілген егісті алып шығу үшін жұмыстар атқарылатынын атап өтті.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: