Күрестен әлем чемпионаты: Ризабек Айтмұханның қарсыласы анықталды

6 Қыркүйек, 15:24 461

Испанияның Понтеведра қаласында өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігінде еркін күрес шеберлері жарысты бастайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгін бозкілемге шығатын спортшылар арасында әлем чемпионы қазақстандық Ризабек Айтмұхан да бар. 

Ризабек жарысты 1/8 айналымнан бастайды. Оның алғашқы айналымдағы қарсыласы - ирандық Абдулфаазл Бабалу. 

Айта кетелік, Ризабек Айтмұхан 92 келіде әлем чемпионы атанып, кейін олимпиадалық салмақ саналатын 97 келіге ауысты. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: