Күрес түрлерінен жылдың үздіктері марапатталды

Кеше, 06:20 404

Астанада грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы 2024 жылдың үздіктерін марапаттады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мына аталым бойынша үздіктер марапатталды:

 «Жыл спортшысы» Олимпиада жүлдегері Демеу Жадыраев;

«Үздік бапкер» U-20 аға бапкері Қонысбек Тукенов,

«Жыл серпілісі» - Ризабек Айтмұхан (2024 жылы әлем біріншіліктерінде 2 алтын медаль иеленді); 

«Үздік төреші» - халықаралық дәрежедегі төреші Ксения Дробина; 

«Үздік аймақтық федерация» - Жамбыл облысының федерациясы, президенті Әлімбек Жұмабаев.

Сондай-ақ, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушылары - Юн Виктор «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін», Саржан Бектемірұлы Жақсыбеков «Еңбек ардагері», Гафаров Ильдар Имальевич «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.

Демеу Жадыраев, Нұрғожа Қайпанов пен Ислам Евловевтерге пәтер кілті табысталды.

Сонымен қатар федерация президентінің «Алғыс хаты» «Qazsport» телеарнасының тілшісі Телжан Күдеровке табысталды.

Зарина Арман
Бөлісу: