Күрес түрлерінен Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті. Бұл туралы Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Еркін күрестен 57 келі салмақта ел намысын қорғаған Мейрамбек Қартбай қола медаль жеңіп алды.
Ол кіші финалда қытайлық балуанды 7:2 есебімен ұтты.
Турнир барысында Мейрамбек Қартбай Өзбекстан балуанын жеңіп, жартылай финалда жапондық спортшыдан жеңілген еді.
Айта кетелік, Мейрамбек Қартбай Ақтөбе күрес мектебінің түлегі. Бұл оның құрлық чемпионатындағы тұңғыш медалі.