«Купе 20 мың теңге». Елімізде пойыз билеті қымбаттайды

8 Тамыз, 11:50 867

Күзде пойыз билеті 20 пайызға қымбаттайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі «31 арна» арнаға сілтеме жасап.

Жаңа тариф 1 қазаннан бастап күшіне енеді. Бағасы көтерілген билет бұл күнге 45 күн қалғанда – тамыз айының ортасынан бастап сатыла бастайды.

Көлік министрлігі баспасөз қызметі бүгінде елімізде 14 теміржол тасымалдаушысы жұмыс істейтінін және жолаушылар пойызы 140 бағытта қатынайтынын айтты. Оның 62-сінде тариф көтеріледі.

Пойыздарда көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, сонымен қатар теміржолшылардың жалақысын көтеру жоспарланып отыр. Қазір біздің елде осы бағыттарда 2667 вагон жүреді, тозу деңгейі өте жоғары – 44%, - деп түсіндірді Көлік министрлігінің ресми өкілі Ләззат Стамғазиева.

Ұлттық тасымалдаушы кондиционері жоқ вагондарға сатылатын билеттерге 20%-ға дейін жеңілдік береді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: