Күнсұлу Закария академияның президенті болды

12 Сәуір 2023, 13:15 1927

Күнсұлу Закария Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Мемлекет басшысының өкімімен Күнсұлу Дальтонқызы Закария Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының президенті лауазымына тағайындалды, - делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Күнсұлу Дальтонқызы әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Жаратылыстану ғылымдары академиясының мүшесі, Ресей Жаратылыстану академиясының корреспондент-мүшесі, СOVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы QazCovid-in (QazVac) қазақстандық вакцинасын әзірлеуге қатысқан.

«Биоқауіпсіздік және биотехнология» ғылыми журналының бас редакторы. 200-ден астам ғылыми жарияланымның, 8 ғылыми-әдістемелік құралдың, 5 монографияның, 29 өнертабысқа берілетін патенттің, оның ішінде 2 халықаралық патенттің, профилактикалық және диагностикалық препараттар өндірісі бойынша 7 нормативтік-техникалық құжаттың авторы.

2022 жылдың 22 тамызында «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ бас директорының лауазымына тағайындалды. Оған дейін ДСМ «Биологиялық қауіпсіздік проблемасын ғылыми-зерттеу институты» РМК бас директоры қызметін атқарды.

EL.KZ
Бөлісу: