"Күні-түні кітап оқитын". Математик Асқар Жұмаділдаевтің ата-анасы мен бауырлары естеліктерін айтты

20 Қараша 2023, 11:01 4808

Академик, мемлекеттің сыйлықтың иегері, Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, қоғам қайраткері, профессор Асқар Жұмаділдаев «Алғашқы» жобасында қонақ болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бағдарлама барысында академиктің балалық шағындағы естеліктер айтылды. Ата-анасы мен бауырлары Асқар Жұмаділдаевтың бала күнінен білімге құштар болып өскенін тілге тиек етті.

Әкеміз оған кедергі болмасын деп біздің үлкен қара шаңырағымызға қарама қарсы Асқарға арнап екі бөлмелі үй салып берді. Оған ешкім кірмейтін тұғын. Күні бойы сонда сабақ оқитын, - дейді бауыры Әнуар Жұмаділдаев.

Ал академиктің әкесінің айтуынша, Асқар 3-4 жасынан бастап оқуға ықыласты болды. Әрнәрсені оқып, соған бейімделе берген.

Анасы Күлшат Үсенова бала күнінен түнде қалыңдығы 4 елі кітаптарды тауысатынын айтып берді.

Балалармен бірге ойнамайтын. Балалар топтыаяқ, асық ойнайды, бірақ бұл бармайды. Әкесі кітап таситын болды. Үйдің іші  кітапқа толды. Сарғайып кеткен кітаптар. Шам жағам десем жақпа дейді. Сөйтсем, көзі қызарып кетіпті. Түнімен шамның жарығымен қалыңдыңы 4 елі кітаптарды тауысатын, - дейді анасы Күлшат Үсенова.

Асқар Жұмаділдаевтың бауырлары да өз естеліктерімен бөлісті.

Асекеңді көрсек қорқатын едік. Үндемей жүретінбіз, көзіне көрінбеуге тырысып, қашып жүретін едік. Біз ойын баласымыз, ойнағымыз келеді. Бірақ ол бізді отырғызып қойып, теорема жаттады, есеп шығартады. Амал жоқтан жылап-еңіреп отыратын едік, - дейді бауыры.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: