Күн күрт суытады

Бүгiн, 17:24 196

Синоптиктер 11, 12 және 13 қаңтарда Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Болжамға сәйкес, республика бойынша қарама-қарсы ауа райы күтіледі: шығыста - жауын-шашын (жаңбыр, қар), ал солтүстікте температура төмендейді.

Еліміздің солтүстік-шығысы мен шығысындағы ауа райын циклон және онымен байланысты фронтальды бөлімдері қалыптастырады, қар мен бұрқасын сақталады, республика аумағының қалған бөлігінің ауа райын жоғары қысым алқабы анықтайды, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 13 қаңтарда Солтүстік циклонның кезекті жырасы батыс аймақтарға жылжиды, сол себептен жауын-шашын ылғалды қар мен жаңбыр түрінде, сондай-ақ көктайғақ құбылыстары болжанады. ҚР бойынша жел күшейіп, тұман түседі деп күтіледі, - делінген Қазгидромет хабарламасында.

Қазақстанның солтүстігінде түнгі сағаттарда ауа температурасы 8-18 градус аязға дейін, шығысында термометр бағандары 10-27 градус аязға жетеді, ал ҚР қалған аумағында температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: