Күмәнді пенальти, қате шешімдер және төбелес. ҚПЛ тарихындағы төрешілердің даулы оқиғалары

31 Қазан, 19:36 104

"Астана" мен "Атырау" арасында өткен кешегі матч төрешінің шешімдеріне қатысты жанкүйерлер мен сарапшылар арасында көптеген дау тудырды. Алайда Футбол федерациясы барлық даулы сәттерге жауап беріп үлгерді. Олар екі пенальти мен ойынның 100 минутқа не үшін созылғанын да түсіндірді. Қазақстанның футбол тарихында мұндай күмәнді әрі даулы оқиғалар аз болмады. Осы орайда El.kz порталы ҚПЛ-да болған осыған ұқсас бес даулы шешімді еске түсіруді жөн көрді. Себебі оларды кейін ҚФФ өзі де мойындады.

«Ордабасы» мен «Шахтёр». Есеп - 3:2, 2019 жыл

2019 жылғы жаздың соңында ҚПЛ-дың 24-ші туры өтті. Онда қарағандылық "Шахтер" мен шымкенттік "Ордабасы" кездескен еді. Сол кезде қарағандылықтар чемпионатта қалу үшін күресті, ал шымкенттіктер титул үшін жарысып келе жатқан. Жалпы алғанда, «Ордабасы» бұл ойында қандай да бір қиындыққа тап болады деп ешкім ойлмаса керек, сондықтан матчтың 22-ші минутында қонақтардың қақпасына пенальти белгіленгенде ешкім таң қалмады. Бірінші тайм "Ордабасы" пайдасына минималды артықшылықпен аяқталды, содан кейін "Шахтер" бар күш-жігерін жинады. Қарағандылықтар есепті тез теңестіріп, 9 минуттан кейін тіпті алға шықты. Ал 70-минутта Алексей Щеткин гол соғып, есепті 2:2 етіп теңестіріп кетті. Әлбетте, қожайындарға тек жеңіс керек болды, алайда Игорь Шацкий қақпаға ұшқан доптың бәрін қағып-ұстап, нағыз шеберлік көрсетті. Осыдан кейін ойынға тқреші Болат Сариев араласты. Ол матчтың 96-минутында (негізі 5 қосылған еді) ол допты өз аймағынан тепкен "Шахтер" ойыншысының тік аяқпен ойнағанын «байқайды». Мұндай қисынсыз шешімді көрген халық төрешіге лап берді, ашуланған адамдарды күзет қызметкерлері әрең ұстап қалды. Нәтижесінде комиссия бұл эпизодты кейін қарастырып, Болат Сариевті маусымның соңына дейін алып тастауды шешім қабылдады.

«Астана» - «Елимай». Есеп - 0:1, 2024 жыл және «Астана» - «Ордабасы» - 0:1, 2024 жыл

Биылғы жыл "Астана" командасы үшін қиын басталды. 10 турда тек 3 жеңіске жетіп, турнирдің кейбір көшбасшыларымен даулы эпизодтарға тап болды. Екі жағдайда да бас төреші болып Артем Кучин тағайындалған еді. Ол "Астана" ойындарында екі рет қателік жіберді. "Елімаймен" кездесуде қарағандылық төреші сол кезде ескертуі бар Дмитрий Яшинге қызыл қағаз көрсетпеді. Артем «соңғы үміт» фолын байқамай, Осман Камарадан симуляцияны көріп қалды.

«Ордабасымен» болған ойында Кучин қайтадан төреші болып тағайындалды да, тағы да елордалық клубтың қарсыластарына "көмектесті". Кездесудің 34-ші минутында төреші "Ордабасы" ойыншысының қарсыласын арқасынан итергенін байқамай қалды. Осылайша астаналықтардың 11 метрден алға шығу мүмкіндігін жоққа шығарды. Нәтижесінде Григорий Бабаянның ұжымы екі кездесуде де жеңіліп қалды. Ал Артем Кучин 3 ай ішінде екі қателік үшін маусымның соңына дейін шеттетілді.

«Тобыл» - «Тараз». Есеп - 0:1, 2012 жыл

Қазақстандық футбол тарихындағы ең даулы матч 2012 жылы өтті. Бұл кездесуге Сергей Пасько қызмет етті және ол үшін бұл кәсіби футболдағы соңғы матч болды. Ойын қостанайлықтардың қысымымен өтті, тек кейде қонақтарға шабуыл жасауға мүмкіндік берді. Осындай шабуылдардың бірі пенальтимен аяқталды, бірақ оған ешкім сенбеген еді. Ешқандай қақтығыссыз "Тараз" форварды қарсыластың айып алаңына құлап, командасына пенальти әкеліп берді. Содан кейін "Тобыл" алға шығуға тырысып, ақыры гол салады. Алайда Сергей мұндай голды санауға болмайды деп шешім қабылдайды. Нәтижесінде кездесу қонақтардың жеңісімен аяқталып, Пасько мәңгіге футболдан шеттетілді. Сондай-ақ төрешілер корпусының басшысы отставкаға кетіп, ойын нәтижесі саналмай, матч қайта ойналды.

«Тобыл» - «Ақтөбе». Есеп - 2:3, 2018 жыл

Қостанайда 6 жылдан өткеннен кейін тағы бір даулы кездесу өтті. Сол ойында Игорь Алешин бірден 3 пенальти қойды. Комитеттің пікірінше, төреші Дмитрий Мирошниченконы өз аймағындағы жекпе-жегі үшін алаңнан қуып, "Ақтөбе" пайдасына даулы эпизодты шешіп берді. Барлық мәселе "Тобыл" қорғаушысы бастапқыда допқа дұрыс ойнап, ереже бұзбағаны еді. Алешин қатал шешім қабылдап, бірден "Тобыл" ойыншысына қызыл қағаз көрсетті. Нәтижесінде үшінші гол нәтижеге әсер етіп, ақтөбеліктер жеңіп кетті. Осыдан кейін Игорь маусымның соңына дейін ойындардан шеттетілді.

«Атырау» - «Шахтёр». Есеп - 0:1, 2021 жыл

Бұл матчта төреші қандай да бір өрескел қателік жібермеді, алайда трибунаның астында "Атырау" футболшысы Сәбит Тастанбековтің жанынан жай өте алмады. Арман Исмуратов жартылай қорғаушымен бір нәрсеге келіспей қалып, оған жұдырық ала жүгірді. Осы тұста бастапқыда түбегейлі жалған ақпарат пайда болып, судьяға шабуыл жасаған Сәбит кінәлі сияқты еді. Алайда видеода не болғанын және ондағы қалған адамдар қаншалықты таң қалғанын анық көруге болады. Нәтижесінде Арман белгісіз мерзімге шеттетілді, бірақ 2022 жылы ол Бірінші лига матчтарына қызмет ете бастады..

Перизат Саденова
Бөлісу: