30 Маусым 2014, 10:24
Бұл нұсқаға дәлелдемелер одан бөлек Азор, Крите, Куба, Мальта аралдарында табылған. Мұндай орналасулар ғалымдарды қызықтырды. Алғашқы болып Атлантида жайлы Платон өз шығармасында Посейдонның ұлдары 10 хандықты басқарған деген дерек келтірген. Ал материк – бұл елдің орталығы болған деседі. Атлантиданы зерттеу қауымдастығының Ресей мемлекетіндегі президенті Александр Воронин Дэн Кларктың жолының болғанын және қазба жұмыстары дәл сәтті жерден таңдалғанын айтады. Бұл жерде су температурасы жыл он екі ай бойы ең жоғары температураны құрайды. Ал водолаз түсе алатын тереңдікте Атлантиданың қалдықтары бар екен.
Дэн Кларк экспедициясы кезінде маялықтарға тән пирамидалық комлекстерді де байқай алды. Ғалым - енді шатаса бастады. Жабдықтар түсінікті, ал уақыты сәйкес келмейді. Мексикалық пирамидалардың жасы – 2000 жылды, ал суасты пирамидалардың жасы тым кәрі, кем дегенде 12000 дейді.
Осы мәселе бойынша ғалымның өзі : «Менің болжауымша, маялықтар өзге цивилизацияның әдістерін пайдаланып көшірмесін жасаған немесе соған ұқсату үшін арнайы құрастырған», - деп болжамдайды. Зерттеу жұмыстары - тағы да бір қызықты жәйтке құрылды. Экспедиция кезінде суастынан бойы 3,5 метрді құрайтын адам сүйегі табылды. Дэннің ойынша, олар ежелгі Атлантида халқына соқтығыстық дейді. Өкінішке орай, табылған сүйекті экспедиция демеушілері шығынға өтем ретінде тәркілеп алған екен. Бұл сүйектің табылған орны – енді ешкімге белгісіз. Әлде бұл ойдан шығарылған өтірік сөз болды ма екен?! Оны оқырманның өз еркіне қалдырайық! Сенетіндер де, сенбейтіндер де кездесуі әбден мүмкін...