Мәскеу маңындағы «Крокус Сити Холлда» болған қайғылы оқиғадан көз жұмғандар саны артты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ресейдің денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко зардап шеккендердің тағы біреуі қайтыс болып, құрбандардың жалпы саны 140-қа жеткенін алға тартты.
Өкінішке қарай, ауыр халде болған азаматтың бірі қайтыс болды. Дәрігерлер оны аман алып қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады, - деді Мурашко.
Апаттар медицина орталығы мамандары теракт салдарынан жарақат алған адамдар саны 360 болғанын, олардың ішінде 11-і бала екенін тілге тиек етті.