«Крокус Сити Холл»-дағы теракт бойынша тағы бір фигурант қамауға алынды

2 Сәуір, 03:04 589

Мәскеудің Басман аудандық сотының шешімімен «Крокус Сити Холл» концерт залындағы лаңкестік әрекет бойынша тағы бір күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды ТАСС-қа сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Террорлық актінің 10-ыншы фигуранты деп танылған күдікті Тәжікстан азаматы Якубджони Юсуфзода.  

Сот Тергеу комитеті тергеушісінің өтінішін қанағаттандырып, Юсуфзодаға 22 мамырға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы шешім қабылдады, - деді судья Наталья Дудар.

Тергеу мәліметінше, айыпталушы террорлық акті болардан бірнеше күн бұрын лаңкестерді баспанамен қамтамасыз ету үшін банк картасынан сыбайласына ақша аударған. Ал ақшаның бір бөлігі қылмыс жасалғаннан кейін лаңкестердің біріне аударылған.

Якубджони Юсуфзодаға Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 205-бабы 3-бөлігінің «б» тармағы бойынша айып тағылды.  Оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.

Еске салсақ, 22 наурызда Мәскеудегі "Кроус Сити Холл" кешенінде терактілік әрекет болды. Қаруланған бір топ адам концертке келген халыққа оқ жаудырды. Кейінірек ғимаратта жарылыс естіліп, соңы өртке ұласты.  

Перизат Саденова
Бөлісу: