Кремль Рустам Миннихановті президент мәртебесінен айырды

13 Шілде 2022, 03:30 1420

Татарстан президенті лауазымы 2023 жылдан бастап жойылады.

Ресей президенті Владимир Путиннің бұйрығы мен жарлығына сәйкес, Татарстан президенті Рустам Миннихановтың қызметі енді "Татарстан Республикасының басшысы" деп аталады, деп хабарлайды El.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Құжат құқықтық ақпараттың ресми интернет-порталында жарияланды. Жарлыққа сәйкес, Мемлекеттік кеңестің құрамына өзгерістер енгізіледі.

"Р.Н. Миннихановтың лауазымының атауы мынадай редакцияда жазылсын: "Татарстан Республикасының басшысы", - делінген құжатта.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Татарстан президенті лауазымы 2023 жылдан бастап жойылады.

Бөлісу: