Креативті индустриялар паркінде Дүниежүзілік шығармашылық және инновация күні аталып өтті

Кеше, 20:41 208

Қаскелең қаласында Energo University жанындағы Креативті индустриялар паркінде Дүниежүзілік шығармашылық пен инновациялық қызмет күні атап өтілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атаулы күн аясында New York Film Academy бөлімшесінің қатысуымен ауқымды Creativity Day нетворкингі ұйымдастырылды.

Іс-шараға креативті индустрия көшбасшылары, медиа, өнер және білім саласының өкілдері жиналды. Құрметті қонақтар қатарында Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулдығының ғылым және технологиялар жөніндегі консулы – Чжан Вэй және білім жөніндегі консул – Хуан Сяомин болды.

Кездесу барысында университеттің 2030 жылға дейінгі даму тұжырымдамасының жаңа нұсқасы таныстырылды. Жоспарға сәйкес, Energo University Орталық Азиядағы алғашқы техно-креативті білім беру хабына айналуы тиіс. Еске сала кетсек, Креативті индустриялар паркі 2024 жылғы тамызда Energo University аумағында ашылған болатын. Жалпы ауданы 12 гектар аумақта абаттандырылған саябақ, спорт және тақырыптық алаңдар орналасқан.

Аталған Парк базасында 2025 жылдың наурыз айынан бастап NYFA-ның Азиядағы жалғыз филиалы жұмыс істейді. Қазіргі таңда тыңдаушыларды қабылдау жүріп жатыр. Оқыту 2025 жылдың қыркүйегінде басталады. Сабақтарды тек АҚШ-тан келген академия оқытушылары жүргізетін болады.

Асқар Таудай
Бөлісу: