Креативті индустрия. Қандай қызмет түрлері мемлекеттік қолдауға ие болмақ

23 Маусым 2023, 12:11 1554

Креативті индустрияға жататын қызметтің 43 түрі мемлекеттік қолдауға ие болады. Толық тізім заңмен бекітілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Тізімге зергерлік бұйымдар, IT және ойын жасау, мәдени мұра, телебағдарламалар, фото және дизайн, сәулет және сән, музыка, кино және анимация, сондай-ақ кейбір мәдени-демалыс мекемелері сияқты іс-шаралар кірді.

Критерийлер барынша жеңілдетілді және халықаралық ұсыныстарға сәйкес келтірілді.

Осылайша, креативті индустрия жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары қолданылатын экономика секторына айналды.

Министрліктің креативті қоғамдастықпен және мемлекеттік органдармен бірлескен жұмысының арқасында Қазақстанда алғаш рет креативті индустрияны қаржылық жағынан да, қаржылық емес жағынан да қолдау үшін құқықтық негіз пайда болды. Бұл үдеріс саланың жаңалығына және тіпті халықаралық деңгейде бірыңғай критерийлердің болмауына байланысты белгілі бір уақытты алды. Мемлекеттік қолдаудың нақты шаралары саладағы жағдайды мұқият зерделегеннен кейін биыл Үкіметтің қарауына ұсынылатын болады,-деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: