14 Тамыз 2014, 08:52
Осы күнге дейін краудфаундинг туралы естіген боларсыз. Жобаларды іске асыру
Мерзімі
Алғашқы кездері бір өнімді жасау үрдісі жақсы импульс алып, тез арада басқа компанияларды қуып жетуі мүмкін. Мысалы, Pressy командасы қажетті $40 000 орнына $695 138 қаржы жинай алды. Бірақ қаржыландыру көзін тапқанша нарықта басқа компаниялар олардың ұсынған идеясын іске асырып қойған. Xiaomi тез арада MiKey өнімін нарыққа ұсынды. Ал Pressy болса басымдылықты қолдан жіберіп алды. Осы ретте краудфаундинг алаңында ұсынылған жобалардың басым бөлігі тек қағаз жүзінде. Қаржы алғаннан кейін оны іске асыру қосымша уақыт алады. Стартаптардың басым бөлігі де краудфаундинг арқылы жұмыс істейді.
Жоба сапасы
Жаңа басталған жобаларды қаржыландырудың жақсы құралы. Бизнес-періште іздеудің платформасы. Венчурлік капиталистер, инвесторларға жобаны таныстырудың тамаша мүмкіншілігі. Бірақ ұсынылған жобалардың барлығы сапалы бола бермейді. Платформада қаржы іздеп жүрген жобалардың басым бөлігін болашағы жоқ идеялар. Оның ішінде бірнеше жақсы жоба ғана жолығуы мүмкін. Инвесторлар ақша салудан бөлек менторлықты ұсынады. Яғни, жобаны жақсарту бойынша пайдалы кеңестер береді. Жобаның сәтті іске асуына қолдау көрсетеді. Тек краудфаундинг бойынша қаржыландырылған жобаларда ондай артықшылық жоқ. Бұл тікелей жобаның сапасына әсер етеді.
Жауапкершілік
Барлық бизнес иегерлері үшін басты нәрсі – уақыт. Стартап немесе краудфаундингті қаржы бөлінген жобаларда қаржыға жауапты кім екенін анықтау қиын. Сонымен қатар краудфаундинг деген тауардың алдын ала сатылымы. Сол үшін адамдар қаржысын сұратып алады. Егер де компания құрдымға кететін болса, компания басшылығы акционерлер алдында жауап береді. Ал егер де халықтық қаржы негізінде жиналған компания құлдырайтын болса, кім жауапты болады? Краудафаундингті пайдаланатын кәсіпкерлерде басқа адамдар алдында жауапкершілігі аз болады. Жоғарыда аталған кемшіліктермен біріге отырып, краудфаундинг идеясының әлсіз тұсын құрайды.