«Көзіне қалам тығып алды». Балабақшада қайғылы жағдай болды

Кеше, 12:08 557

Мәскеу маңындағы балабақшалардың бірінде қайғылы жағдай орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

SHOT мәліметтері бойынша, қайғылы оқиға 34 мектеп жанындағы Подольск балабақшасында болған. Сурет сабағы кезінде  56 жастағы тәрбиеші басқа шаруалармен кеткенде, төрт жасар қыз байқаусызда басқа баланың көзіне қарандаш сұғып алған.  

Жарақаттың ауыр болғаны соншалық, көз алмасы түсіп, баланың көру қабілетін сақтау мүмкін болмады.

Жәбірленуші бүлдіршінге екі операция жасалды. Тергеу органдары қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесін қарастырып жатыр. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: