Көз жанарына кері әсер ететін 5 себеп

2 Ақпан 2018, 11:48 16503

Көзге күтім керек...

Медицина ғылымының докторы, академик, офтальмолог, рефракциялы хирург Игорь Азнаурян көздің көруін нашарлататын сіз ойламаған 5 себепті былайша түйіндейді.

Кітап оқуға құмарлық

Кітап оқу – сіздің миыңызды азықтандыратын құрал екені белгілі. Бірақ, қазір кітапты электронды түрде оқу сәнге айналып бара жатыр. Телефонға, гаджетке, компьютерге артық үңілу сіздің көзіңіздің құрғауына алып келеді. Алғашында көз жасы өз мөлшерінде бөлінбейді, ал содан кейін жас құрамы өзгеріп, сіздің көзіңізді шаңнан, желден және тағы басқа зиянды нәрселерден қорғай алмайтын күйге түседі.

Қандай қауіп бар?  Көзіңіздің қызаруы мен қышуына мән бермесеңіз, кератоконъюнктивитке әкеп соқтырады. Яғни, жастың дұрыс бөлінбеуінен кейін көздің мүйізгек қабығы зардап шегіп, жайсыздықты сезінесіз. Бұл тікелей сіздің көру қабілетіңізге әсер етеді.

Не істеу керек? Бірден офтальмологқа қаралып, Ширмер тестінен өтіңіз. Көздің құрғау синдромын арнайы дәрілер арқылы емдейді.

Спортпен шамадан тыс шұғылдану

Спорт залында олимпиадалық рекордтарға ұмтылу, сіздің денсаулығыңызға кері әсерін тигізеді. Ал егер көзіңіз нашар көрсе, тіптен қауіптірек болмақ.

Қандай қауіп бар?  Егер миопияның орта және жоғары деңгейі болса, артық физикалық күш салуға болмайды. Ол көз торының қабаттануы мен соқырлыққа ұшыратады.

Не істеу керек? Жылына бір рет көз түбін үш айналы Гольдман линзасымен тексертіп тұру қажет. Оның басқа симптомдары кездеспейді, тек көзіңізге шіркей түсіп кеткендей, жарқыл өткендей жайсыздықтар сенуіңіз мүмкін. Осындай белгілер байқасаңыз, дәрігердің тексеруінен өтіңіз.

Көз тамшыларын артық қолдану

Бұл қатарға биологиялық белсенді қоспаларды, дәрумендермен қатар, тағы басқа дәрілік заттарды қосуға болады. Дәрумендердің көзге пайдасы көп екені белгілі, бірақ оны дәрігермен кеңесу арқылы ғана ішкен жөн.

Қандай қауіп бар?  Өзін-өзі емдеумен айналысудың қаншалықты қауіпті екенін білесіз бе? Бір симптом бірнеше дерттердің алғашқы белгілері болуы ықтимал. Мәселен, көздің қызаруы көздің құрғауы және қан құйылуы секілді басқа да аурулармен байланысты. Оның емдеу жолдары әр түрлі. Дұрыс қабылдамаған көз тамшысы сіздің денсаулығыңызға кері әсерін тигізеді.

Не істеу керек? Алыстан, жақыннан көру кемшілігін, астигматизм, катаркт пен глоукоманы дәрумендер мен биологиялық белсенді қоспалармен емдеймін деп әуреленбеңіз.

Ультракүлгін сәулелерді артық қабылдау

Ультракүлгін сәулелердің көздің тор қабатына зияны орасан. Сол үшін күннің астында ұзақ жүрмеуге, күн көзінен қорғайтын арзан көзілдірік алмауға тырысыңыз.

Қандай қауіп бар?  Адамның жасы келе көз торы дегенерацияға ұшырайды. 45-50 жастан бастап, адамдардың көз-жанарында көптеген аурулар пайда болып, көру қабілеті төмендей бастайды.

Не істеу керек? Күн көзінен қорғайтын көзілдіріктің пайдасы зор. UV - 400 ең оптималды түрі, олар ультракүлгін сәулесінің ұзындығы аз дегенде 400 нанометрге дейін қайтара алады.

Созылмалы аурулар

Біздің ағзамыз бір-бірімен тығыз байланыста болғандықтан, кез келген созылмалы аурудың көздің көру қабілетіне әсер етуі мүмкін.

Қандай қауіп бар?  Мәселен, кей тамырлардың дерті организмдегі бүкіл тамырларға әсер етіп, басқа да аурулардың пайда болуына ықпал етеді. Оның ішінде көз тамырларына да айтарлықтай зақым келеді, оның соңы көру қабілетінен айырылуға әкелуі мүмкін.

 Не істеу керек? Әрдайым көзіңізді тексеріп жүріңіз.

Мөлдір Дарханбаева
Бөлісу: