Көз жасын тыя алмаған Экология министрі жүректі елжіретті

11 Маусым 2023, 19:38 20135

Желіде Абай облысындағы төтенше жағдайға байланысты өңірге барған Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованың көз жасын тыя алмаған видеосы таралды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі болғандай, министр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев және Үкіметтің өзге мүшелерімен бірге өрт болған аймаққа барған.

Оттегі маскасын да бермеген, олар (өртте қаза тапқандар – ред.) «ыстық нүктеге» көздерін жұмып жолға шыққан. Ешқандай қорғаныс құралдары берілмеген. Қалайша солай жұмыс істеуге болады? Менің әкем туфлимен кеткен, «берцы» етігін киіп те үлгермеген. Олар асығып, мүмкіндік бермеген. Неліктен ауа райының қолайсыздықтары ескерілмеген? – дейді видеода сөйлеп тұрған әйел.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев болса, оның сөзімен келісетінін айтады.

Министрлік және басқа да тиісті органдар апаттың ауқымы бойынша қате болжам жасаған. Шұғыл шаралар қабылдап, өртті сол жерде өшіруі, кем дегенде оқшаулауы керек еді. Оны істемеген. Жағдайға салғырт қарады, біліктілік танытпады. Барлығы жазаланады, - дейді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысының жанында тұрған жас министр Зүлфия Сүлейменова көз жасына ерік беріп, үнсіз басын шұлғып тұрғанын байқауға болады.

Перизат Саденова
Бөлісу: