Костенко шахтасындағы апат: Тергеуге шетелдерден сараптамалық ұйымдар тартылды

31 Қазан 2023, 11:05 1157

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Костенко шахтасында қаза тапқан 6 кеншінің жеке басы әлі де анықталмағанын айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

28 қазанда сағат 02:36-да «Арселор Миттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің Костенко атындағы шахтасында тереңдігі 700 метрде өрт пайда болып, кейіннен метан-ауа қоспасы жарылды. Бұл жерге дереу кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының Қарағанды филиалының күштері жіберілді. Авария кезінде ауысымда 252 кенші болды, оның 201-і өздігінен көтеріліп, 5-і тау-кен құтқару күштерімен табылып, жер бетіне шығарылды. Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында 45 кеншінің денесі және алдын ала болжам бойынша 46-шы қаза тапқанның денесінің бөлшектері табылды, - деді Сырым Шәріпханов.

Министр қайтыс болған 40 адамның жеке басы анықталғанын айтты. Қалған 6 кенші анықталмады. Оларды сәйкестендіру үшін қажетті тиісті сараптамалар жүргізіледі. ДНК талдауы қажет болуы мүмкін.

Іздеу жұмыстары электр энергиясының болмауымен, тау-кен қазбаларының ұзындығымен, көптеген бұзылған механизмдердің болуымен қиындады. Жеке су басқан тау-кен қазбаларына қол жетімділік болмады. Үйінділерді тазалау және қаза болғандардың денелерін табу қиын болды.Қазіргі уақытта ашық жану ошақтары жоқ, газдық жағдай қалыпты. Шахтаның қызметін қалпына келтіру үшін тау-кен қазбаларын зерттеу және жекелеген учаскелерде су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді ол

Төтенше жағдайлар министрі аварияның себептерін тергеп-тексеру шеңберінде Үкіметтік комиссия мүшелерімен бірге шахтаға түскенін айта кетті.

Біз өте маңызды бұзылуларды анықтадық. Тау-кен қазбаларында шахта жабдықтары жылжып кеткен. 15-тен астам оқшаулағыш бөгеттер мен желдету құрлыстары қираған. Қазіргі уақытта тағы 7 шағын комиссия құрылып, жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, тергеуге Қазақстаннан және шетелдерден сараптамалық ұйымдар тартылды», - деді Сырым Шәріпханов.

Министрдің айтуынша, құрылыс және тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзғаны үшін Қылмыстық Кодекстің 277-бабының 3-бөлігі бойынша бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

30 қазаннан бастап Қарағанды облысының бес шахталарында (Абай, Саран, Шахтинск, Күзембаев және Ленин атындағы) жұмыс басталды.

Миражан Махан
Бөлісу: