Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында 29 қазан сағат 14:00-дегі жағдай бойынша 38-ші кеншінің денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖМ-ге сілтеме жасап.
Костенко атындағы шахтада 38 адамның денесі табылды, қалған 8 кеншіні іздеу жұмыстары жалғасуда. Іздеу жұмыстарын жүргізу қираған шахта жабдықтарының, сондай-ақ жекелеген жерлерде үйінділердің болуымен қиындық тудырып отыр, - деп жазылған министрлік таратқан ақпаратта.
Ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін Қарағанды қаласында (ТЖД 8-7212-51-72-23, АрселорМиттал Теміртау 8-7212-49-72-70) және Астанада (8-7172-70-41-08) «жедел желі» телефондары жұмыс істейді.