Көшпенділер ойындары: дәстүрлі садақ атудан екі қола қоржынға түсті

9 Қыркүйек, 16:33 410

Қазақстан спортшылары Көшпенділер ойындарында тағы екі қола медаль еншіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында дәстүрлі садақ атудан «Пута» нысанасы бойынша өнер көрсеткен Қасымхан Қанат қола медальға ие болды. Сонымен қатар Айкөркем Батихан да үшінші орыннан көрініп, ел қоржынына қола медаль салды.

Бүгін «Пута» нысанасы бойынша (ерлер – 70 метр, әйелдер – 60 метр) жарыс өтті. «Арғымақ» ат-спорт кешенінде өтіп жатқан бәсекеге 33 мемлекеттен 180 спортшы қатысып жатыр. Бұл спорт түрінен Қазақстан құрамасы сапынан 10 спортшы ел намысын қорғайды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: