Көшпенділер ойындары дала мәдениетін жандандырған халықаралық форумның бір бөлшегіне айналды

19 Шілде, 19:00 772

Қазақстанның агроөнеркәсіп кешен саласындағы ең ауқымды және көптен күткен іс-шаралардың бірі - «Jańa Dala / Green Day 2024» мамандандырылған халықаралық көрме басталды, деп хабарлайды 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары дирекциясына сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Дәстүрлі «Дала күні» форматында өтіп жатқан көрме іс-шарасында туризм және спорт бағыттары да тыс қалмады. Іс-шараның ресми бөліміне еліміздің Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев қатысты.

Дала мәдениеті көшпенділер дәстүрінің негізі екенін біледі. Мұны  5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары да қолдады. Өз кезегінде ойындарға жауапты дирекция «Jańa Dala / Green Day 2024» аясында агрофорумда экспозициялық көрме ұйымдастырды.

Ұйымдастырушылардың арнайы шақыртуымен Наиль Нуров басшылық ететін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция мамандары екі күндік форумда агроөнеркәсіп кешені мамандарын ойындармен таныстырып, жылдың маңызды бәсекесінде бірге болуға шақырды. 

Іс-шара Ақмола облысының Ақкөл ауданында, Еңбек ауылында, өңірдің ең технологиялық жабдықталған шаруашылықтарының бірі – «Еңбек» ЖШС демонстрациялық алаңдарында өтті.

Алқап күні форматындағы дәстүрлі агрофорум 2013 жылдан бері өткізіліп келеді. Республикадағы қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы технологияларының, жоғары өнімді техниканың, сондай-ақ аграрлық өндіріс пен агротуризм саласындағы инновациялық әзірлемелердің ең ірі демонстрациялық алаңы болып табылады. 

Еске салсақ, 8-13 қыркүйекте Астанада этникалық спорт түрлерінен өткізілетін халықаралық спорт жарыстары – 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам қатысушы қатысады деп жоспарланудаАстанадда өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

(Фото: t.me/worldnomadgames2024)

Перизат Саденова
Бөлісу: