Көшеге тастап кеткен: Павлодарда кішкентай бүлдіршіннің ата-анасы іздестіріліп жатыр

Кеше, 11:50 502

Павлодар облысында полиция кішкентай бүлдіршіннің ата-анасын іздеп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

6 сәуірде сағат 18:06-да Павлодар полициясына Әлкей Марғұлан, 104 үйдің жанында кішкентай ұл бала табылғаны туралы шақырту келіп түсті. Баланың жасы шамамен 5 жаста, оның аты Али немесе Алишка. Бүлдіршін ата-аналарының деректері мен тұрғылықты мекенжайын білмейді.

Полиция баламен бірге жақын маңдағы аулалар мен үйлерді аралап шықты, алайда ата-аналар мен тұрғылықты жерін анықтау мүмкін болмады. Бағдарлар жасалып, жақын аймақтарға жіберілді, - делінген мәліметте.

Баланың белгілері: орташа дене бітімі, бойы 108 см, салмағы 18 кг.

Киімі: көк қалпақ, көк - сары түсті маталары бар қара түсті күртеше, қара түсті трико. Бала жуас.

Ерекше белгілер: бала кекештеніп сөйлейді.

Қазіргі уақытта бала өңірлік балаларды қолдау орталығы КММ-не орналастырылды.

Егер сіз баланы білсеңіз немесе оның туыстары туралы қандай да бір ақпаратқа ие болсаңыз, 102 телефоны немесе Instagram @dp_pavlodar дайрегі арқылы хабарлауды сұраймыз, - деп қосты полиция.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: