«Көшедегі шулаған жастарды тыныштандырмақ болған». Ер адам әйелді атып өлтірді

Кеше, 18:33 436

Мәскеу маңындағы Подольск қаласында 57 жастағы Василий Петров түнде шулаған жастарға ашуланып, өз қолымен жасаған пулеметпен көшеге шыққан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға Теміржол көшесінде орын алған. Бұл туралы ресейлік БАҚ хабарлайды.

Оқиға сәрсенбіге қараған түні болған. Ашынған ер адам балалар алаңында шулап тұрған топқа қарумен келген. Алдымен ол ауаны көздеп оқ атқан, кейін жастар оның қаруын тартып алмақ болғанда, оқ кездейсоқ 36 жастағы Екатерина К. есімді әйелдің кеудесіне тиді. Әйел жедел жәрдем келгенше оқиға орнында жан тапсырды.

Күдікті Василий Петров оқиға орнында ұсталып, оған  ҚК 105-бабы ("Кісі өлтіру") бойынша айып тағылды. Қазір қылмыстық істі Мәскеу облысының тергеу комитеті қарап жатыр. Сондай-ақ іс прокуратура бақылауына алынған.

Оған 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: