«Көшеде жай жүре алмайтын болдым». Түркиялық мерген танымалдылығы туралы айтты

6 Тамыз, 13:32 902

Париж олимпиадасында жұлдызға айналған түркиялық мерген Юсуф Дикеч не себепті жарыс алаңына арнайы құрал-жабдықсыз шыққанын түсіндірді. Бұл туралы ол «Жібек жолы» телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құрал-жабдықты кигенде өзімді жайсыз сезінемін. Атыс – бұл бар назарды талап ететін спорт түрі. Ал мен бұл киімде өзімді ыңғайсыз сезінемін. Сол үшін де кимеймін.

Ату спортында жүргеніме 24 жыл болды. Бұған дейін танымал болған емеспін. Ал Олимпиададан соң көшеде жай жүре алмайтын жағдайға жеттім. Адамдар құттықтап, бірге суретке түсу туралы өтініш жасайды. Түркияда ғана емес, басқа елдерде де танымалдылығым артқанын түсіндім. Әлеуметтік желіде жазып, белгілеп жатады. Керемет сезім екен.

Бұл менің бесінші Олимпиадам болса да, алғашқы жүлдем, - деді түркиялық спортшы.

Ол енді 2028 жылы Олимпиаданың алтын медалін алуға тырысатынын айтты.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: