Әлеуметтік желіде сырт киімін шешіп, намаз оқыған оқушы көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Фотодан оқушы бала сырт киімінің үстіне отырып, бас жағына сөмкесін қойып қойғанын көруге болады.
Желі қолданушылары оқушы баланың бұл әрекетіне қатысты пікір білдіріп жатыр.
"Аллам сенің дұғаңды қабыл етсін", "Сабақ уақытында намаз оқығанша білім ал", "Қазақтың барлық ұлдары осындай болса ғой", "Ата-анасына рақмет", "Дұрыс емес, дін дегенді мектепке мүлде жолатпау керек", "Өсетін бала", "Сабағыңды оқы, балақай", - деп жазып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram