Көшеде кішкентай қызды ұрып-жықты: полиция оқиғаның мән-жайын анықтады

14 Тамыз 2023, 20:06 1206

Әлеуметтік желіде көшеде белгісіз бойжеткеннің кішкентай қызды ұрып жатқан бейнежазбасы тарады, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ осы оқиғаның мән-жайын анықтады.

Белгілі болғандай, 14 тамыз күні таңғы уақытта 5 жасар қыз балабақшаға барғысы келмеген. 17 жастағы туысы оның бұл әрекетіне наразылық білдірген.

Бойжеткенге қатысты ӘҚБтК-нің 73-2-бабы 1-бөлігі «Ұрып-соғу» бойынша әкімшілік іс қозғалды, - делінген мәліметте.

Қыз баланың заңды өкілдері болған оқиғаны әрі қарай талқылаудан бас тартты. Оларға балалар психологымен жұмыс ұсынылды.

Берік Арманов
Бөлісу: