Көшбасындағы үш команда да жеңілді

7 Қыркүйек, 19:01 559

Қазақстан премьер-лигасының 19-турында қызық болғанда көшбасында келе жатқан үш команда да жеңіліп қалды. «Қайрат» пен «Ақтөбе» өз алаңында, «Ордабасы» Қызылордада есе жіберді. Сол үш команданың екеуі осы ойыннан кейін бас бапкерін отставкаға жіберді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Қайсар» (Қызылорда) «Ордабасы» (Шымкент) – 2:1

Голдар: Игорь Пластун, 16 (0:1). Думан Нәрзілдаев, 65 (1:1). Виталий Приндета, 70 (2:1).

Ескертулер: Горан Милойко, 48. Айбар Жақсылықов, 66. Шохназар Норбеков, 83.  Сұлтанбек Астанов, 22. Жасур Яхшыбоев, 45+2.

«Қайсар»: Степан Сикач (Қ),  Әділет Кеңесбек, Виталий Приндета, Йован Пайович, Қуаныш Қалмұратов,  Горан Милойко, Дмитрий Бородин (Абылайхан Төлегенов, 85), Думан Нәрзілдаев, Василий Совпел (Герман Камени, 64), Дидар Жалмұқан (Шохназар Норбеков, 46),  Айбар Жақсылықов (Тоқтар Жаңғылышбай, 85);

«Ордабасы»: Бекхан Шайзада (Қ),  Ғафуржан Сүйімбаев, Темірлан Ерланов, Игорь Пластун, Сұлтанбек Астанов, Айбол Әбікен, ​Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан (Ловро Цвек, 81),  Всеволод Садовский (Артем Беседин, 71), Жасур Яхшибоев, Шохбоз Умаров (Еркебұлан Тұңғышбаев, 72);

Төрешілер: Измайлов Денис (Талдықорған), Мыңбаев Әлішер (Қаратау), Филатов Иван (Қарағанды).

«Ордабасы» осы матчтың алдында бас бапкерін тағайындады. Александр Седневтің орнына Кирил Кеккер келді. Ол бұған дейін «Қайраттан» дәл осы «Қайсардан» жеңілген соң кеткен еді. Бұл жолы жаңа командасымен де Кумыков бапкерден айласын асыра алмады.

«Ордабасы» негізі матчты жақсы бастаған. Қонақтар бірінші таймда-ақ мәселені шешіп тастайтын мүмкіндігі болып еді. Игорь Пластунның голынан кейін, Всеволод Садовский есепті арттыратын сәтін мүлт жіберді.

Ал екінші таймда «Қайсар» қамшы басты. Шымкент командасының қақпашысы Бекхан Шайзада да жоқ жерден қателесіп жатты. Сөйтіп, екі гол жіберіп алды.

Алдымен капитан Думан Нәрзілдаев жойқын соққысымен есепті теңестірді. Бұл футболшының өткен маусымда «Ордабасы» сапында доп тепкенін айта кетейік. Сондықтан ол голды тойлаудан бас тартты.

Ал араға 5 минут салып, Думан Нәрзілдаев айып соққысын сәтті орындап, нәтижесінде Виталий Приндета алаң иелерін алға шығарды.

Қонақтар қанша жанталасқанымен, қалған уақытта қызылордалықтар жеңісті есепті ұстап қалды.

«Қайсар» мен «Ордабасы» матчы әрдайым шиеленісті өтеді. Қызылордалық бұл кездесуді асыға күткені стадиондағы жанкүйерлердің әрекетінен байқалды. Тіпті, допқа аз иелік етсек те, нәтиже маңызды болды. Өйткені ойын есебі ғана есте қалады. Енді футболшыларға 4 күндік демалыс беремін, - дейді «Қайсар» бапкері Виктор Кумыков.

«Ақтөбе» (Ақтөбе) –  «Елімай» (Семей) – 1:3

Голдар: Әлібек Қасым, 3-пенальтиден (1:0). Самэль Одеоибо, 31 (1:1). Аслан Дарабаев, 53 (1:2). Роман Мұртазаев, 90+4 (1:3).

 Ескертулер: Дорни Ромеро, 18. Богдан Ветежелу, 24. Әлібек Қасым, 30.  Никита Корзун, 40. Даниил Пенчиков, 41. Аслан Дарабаев, 72. Юрий Перцух, 90.

«Актөбе»: Игорь Шацкий (Қ), Дмитрий Бессмертный (Амаду Думбия, 76), Әлібек Қасым, Габи Кики, Богдан Вэтэжелу,  Уче Агбо, Хосе Севальос, Леонел Струмия, ​Дорни Ромеро, Жан Жайро, Фредди Гондола (Идрис Умаев, 65);

«Елімай»: Максим Коваль (Қ), Михаил Габышев, Самюэль Одеоибо, Дмитрий Яшин, Даниил Пенчиков,  Давид Майком, Никита Корзун, Аслан Дарабаев (Жан-Әли Пайруз, 74)​, Эдарлин Рейес Уренья (Роман Муртазаев, 85), Рожерио Шина (Юрий Перцух, 85),  Ислам Машуков (Иван Свиридов, 62);

Төрешілер: Қарабаев Саят (Астана), Дауанов Ардақ (Алматы), Филипчук Евгений (Шымкент).

Андрей Карпович былтыр «Ақтөбені» жаттықтырды. Сондықтан қарсыластың әуселесін жақсы біледі. Бапкер тактикалық тұрғыда жақсы дайындықпен келген. Тіпті, 3-минутта Әлібек Қасымның пенальтиден соққан голы да қонақтарды сындыра алған жоқ. «Елімай» үзіліске дейін-ақ есепте теңестіріп үлгерді.

Ал екінші таймның басында жеңіс голын соқты. Трансферде қосылған Самэль Одеоибо, Аслан Дарабаев сынды ойыншылар мергендік танытты.

Бұдан кейін жергілікті жанкүйерлер сүйікті командасын алға сүйрегенімен, ештеңе істей алмады. Керсінше үшінші голды жіберіп алды. Көзге түскен – Роман Мұртазаев болды.

Қазір Семей футболын Қарағандыдан келген ойыншылар сүйреп тұр. Аслан Дарабаев, Роман Мұртазаев, Иван Свиридов, Жан-Әли Пайруз команданың көшбасшысына айналып үлгерді.

Осы матчтан кейін «Ақтөбе» бас бапкерін қызметінен кетірді. Ресейлік Дмитрий Парфеновтің орнына украиналық Игорь Леонов тағайындалды.

Бұл жерде үнемі жанкүйерлердің қолдауы ерекше. Сондықтан ойнағың келіп тұрады. Жігіттерге де бұл футбол мерекесі деп айттым. Мұндай матчтар өмір бойы есіңде қалады. Кездесу барысында ойынның нтәижесін өзгертіп, алға шыққанымызға қуаныштымын. Біздің шабуыл өткір болды және өз мүмкіндігімізді сәтті пайдалана алдық. Бастысы, ұйымдасқан ойын көрсеттік. Соның арқасында қажетті нәтижеге жетіп отырмыз, - дейді «Елімай» бапкері Андрей Карпович матчтан кейін.

«Қайрат» (Алматы) – «Астана» (Астана) – 0:1

Гол: Томасов, 84 (0:1).

Ескерту: Офри Арад, 82.

«Қайрат»: Вадим Ульянов (Қ), Иброхимхалил Юлдошев (Александр Мрынский, 90+2), Лука Гадрани, Егор Сорокин, Александр Мартынович, Еркебұлан Сейдахмет (Юг Станоев, 65), Офри Арад, Андрей Ульшин (Дмитрий Сергеев, 90+2),  Гиорги Зария, Жоао Пауло (Вячеслав Швырев, 72), Элдер Сантана;

«Астана»: Йосип Чондрич (Қ),  Карло Бартолец, Бранимир Калайца, Кипрас Кажуколовас, Марат Быстров, Макс Эбонг, Алекса Аманович (Исламбек Қуат, 59), Назми Грипши, Усман Камара (Александр Марочкин, 89), Чинеду Джеффри (Рамазан Кәрімов, 78), Марин Томасов (Ннамди Аханону, 89);

Төрешілер: Абдуллаев Бағдат (Қаратау), Карлов Евгений, Долгих Алексей (екеуі де –  Павлодар).

«Астананы» Станимир Стойлов жаттықтырған жылдары осыған ұқсас ойын болған еді.  Елорда клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығып, Мадридте «Атлетикомен» кездесуге қосалқы құрамын жіберген. Өйткені Алматыда «Қайратпен» ел ішінде маңызды матч болған.

Бірақ бұл жолы сәл өзгешелеу. Осы кездесудің алдында «Астана» Норвегияның «Бранн» командасын жеңіп, Конференция лигасының топтық кезеңіне шықты. Сол құрамды 3 күннен кейін Бабаян «Қайратпен» матчта ойнатты. 2015 жылғыдай «Астана» 1:0 есебімен жеңіске жетті. Сөйтіп, чемпиондық таласқа қайта қосылуға алғашқы ұмтылысын бастады. Жазғы трансферлік үзілістен кейін елорда клубы жақсы бабына келді. Құрамын да күшейтті. Ойынның алдында «Қайрат» клубы желіде «Алматылық дерби» деп қарсыласты әжуалаған. Оған «Астана» алаңда лайықты жауап қайтарды.

Жеңіс голын хорватиялық капитан Марин Томасов соқты. Ардагер футболшы былтырғы хейттен кейін қайтадан бұрынғы бабына келе бастағандай.

Бізге эмоционалдық тұрғыдан қиынға соқты. Өйткені үш күн бұрын жеңіске жеткенде көп эмоция жоғалттық. Бұл кездесу қиын болатынын түсіндік. Қимыл-қозғалыс жетіспеді. Бірақ үш ұпай үшін барымызды салдық. Себебі бір күн бұрын көшбасшылардың барлығы жеңілді. Енді соңына дейін чемпиондыққа таласамыз. Тағы да бір мәрте командаға алғысымды білдіремін. Өте керемет жұмыс атқарды. Ұйымдастырған қауіпті шабуылдар саны бойынша біз алдамыз. Сондықтан жеңіс әділетті болды деп ойлаймын, - дейді «Астана» бапкері Григорий Бабаян.

 «Тобыл» (Қостанай) – «Атырау» (Атырау) – 1:1

Голдар: Сигневич, 12 (0:1). Чесноков, 71 (1:1).

Ескертулер: Роман Асранкулов, 90+5. Эдедем Эссьен, 90+8. Матеус Барбоза, 45+2. Игорь Стасевич, 56. Геворг Наджарян, 90+2.

«Тобыл»: Стас Покатилов (Қ),  Иван Миладинович, Пепе Алиун Ндиайе, ​Альберт Габараев, Роман Асранкулов,  Эдедем Эссьен, Цотне Мосиашвили (Александр Зуев, 80),  Ислам Чесноков, Игор Иванович, Ахмед Эль-Мессауди,Руй Кошта (Педро Эуженио, 60);  ​

«Атырау»: Егор Хаткевич (Қ! ,Олжас Керімжанов, Матеус Барбоса (Әділбек Жұмаханов, 86), Никита Степанов​, Ади Адамбаев (Геворг Наджарян, 79), Наурызбек Жагоров, Александр Нойок (Ринат Жұматов, 64), Игорь Стасевич (Хусрав Тоиров, 79), Якоб Новак, Фатхулло Олимзода (Аслан Әділ, 46) – Николай Сигневич;

Төрешілер: Рустам Омаров (Алматы), Тимур Тұрсымбаев (Астана), Александр Павлов (Алматы).

«Атырау» командасының бапкері де, көшбасшы ойыншылары Беларусь елінен. Биылғы маусымда қарқындары жаман емес. Қостанайдағы «Тобылмен» кездесуде де бар күштерін салды.

Бұған дейін «мұнайшылар» Қостанайға үш рет барып, үшеуінде де 0:1 есебімен жеңілген. Осы жолы бір ұпайға қол жеткізді. Кездесу алдында алаң иелері айқын фаворит саналған. Нұрбол Жұмасқалиевтің шәкірттерінің қабілеті жоғары. Бірақ тұрақтылық жетіспейді. Бір матчта жақсы ойын көрсетсе, екіншісінде мүлдем танымай қаласың.

«Атырау» сапынан Николай Сигневич есеп ашса, екінші таймда Ислам Чесноков таразы басын теңестірді. Қорытынды есеп – 1:1.

Матчтан кейін «Атырау» командасының бас бапкері Виталий Жуковский өз пікірін білдірді.

Жақсы ойын болды. Табиғи алаңдағы ойынды сағынып қалыппыз. Қарсылас та өз күшімізді сынап көретін мықтылардың бірі болды. Ойын тартысты өтті. Екі командаға да оңай болған жоқ. Есепте ұзақ уақыт алда тұрған соң, тең есеп кішкене өкіншті болды. Ал жалпы ойын тең дәрежеде өтті. Қарсыласты допты көбірек бақылауда ұстады, бірақ негізінен өз жарты алаңдарында жүрді. Төрешіге де кездесу оңайға соқпады-ау. Қақтығыс көп болды. Бірақ ойын дөрекі жағдайда өтті дей алмаймын. Адал, әділ матч болды деп санаймын. Әйтеуір, фол көп болғаны жасырын емес. «Тобылдың» сапында жүргендердің бәрі құрама ойыншылары. Деңгейлері жоғары, сол себепті олармен ойнау қиын. Бізде көбісі жас талантты футболшылар. Арасында 2005 жылғылар жүр. Әзірге тәжірибе жетіспейді, - деді Виталий Жуковский.

«Жетісу» (Талдықорған) – «Тұран» (Түркістан) – 0:0

Ескертулер: Дінмұхамед Қараман, 33. Мейрамбек Қалмырза, 46. Серікжан Мұжықов, 83. Рауан Орынбасар, 90+3,  Антонио Яколиш, 59, Рахат Үсіпханов, 72. Иван Хомуха, 89.

«Жетісу»: Арсен Сиукаев (Қ), Нұрлан Дайыров (Константин Кучинский, 68), Рауан Орынбасар, Гиа Чадунели, Чарлстон Силва, Асхат Балтабеков, Дінмұхамед Қараман (Равиль Атыханов, 86), Мейрамбек Қалмырза, Антон Шрамченко (Темур Чогадзе, 68), Серікжан Мұжықов Руслан Болов (Абылайхан Жұмабек, 62).

«Тұран»: Владислав Василючак (Қ), Виктор Велькоски, Иван Хомуха, Артем Дмитриев, Павел Киреенко, Антонио Жаколиш (Әлішер Сүлей, 90), Санжар Сатанов, Александр Мишов, Рахат Үсіпханов, Артем Архипов, Никола Цуцкич;

Төрешілер: Данил Горда (Көкшетау), Данияр Серікболов (Семей), Денис Виноградов (Петропавл).

Екі команданың гол соғу мүмкіндігі соңғы кездері төмендеп барады. «Жетісу» екінші ойын қатарынан 0:0 есебімен тең тарқасты. Бұған дейін Қызылордада «Қайсармен» солай болған. Матчқа байланысты айтатын көп ештеңе жоқ.

«Шахтер» (Қарағанды) – «Жеңіс» (Астана) – 0:0

Ескертулер: Максим Драченко, 45+1. Йован Илич, 80. Абылайхан Назымханов, 90+3.  Кристиан Новак, 27. Марин Беланчич, 45+1.

«Шахтер»: Егор Цуприков (Қ),  Богдан Савкив (Милош Николич, 74), Филип Стаменкович (Ескендир Кыбырай, 74),​ Дмитрий Рыжук, Франциско Кампо,  Максим Драченко (Дмитрий Лисакович, 66), Роджер Каньяс, Йован Илич (Абылайхан Назымханов, 84) – Имеда Ашортия (Айдос Тәттібаев, 84), Евгений Козлов, Милан Джокич;

«Жеңіс»: Темірлан Анарбеков (Қ),  Матия Ром, Зураб Тевзадзе, Кристиан Новак, Сағи Совет,  Марин Беланчич, Лукас Будинский (Джоао Рибейро, 76), Адилио Дос Сантос, Сергей Волков, Георгий Панцулая,  Бруно Мигел (Артем Черединов, 88);

Төрешілер: Сахи Данияр (Қызылорда), Жолдас Бақыджан (Алматы), Мортин Никита (Ақтөбе).

«Шахтер» мен «Жеңіс» тарихы бар командалар. Алғащқысы ешқашан жоғары лигадан төмен түспеген. Биыл сондай қауіп қатты төніп тұр. Қарағандылық ұжым бірінші рет премьер-лигамен қош айтысуы мүмкін. Бәлкім осы жолы жеңіске жеткенде Андрей Финонченко шәкірттерінің жағдайы жақсарар ма еді? Қазір команда 17 матчтан кейін 9 ұпаймен соңғы орында тұр. Алда 7 матч қалды.

Енді ұлттық құрамалардың матчтарына байланысты QFL еремьер-лигасының 20 тур ойындары 14-15 қыркүйекте өтеді.

Айдана Мұрат
Бөлісу: