Ашхабадта тұрмысқа шықпаған әйелдерге сары орамал тағу міндеттелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ашхабадтағы тұрмысқа шықпаған түрікмен әйелдеріне жұмыс барысында сары түсті орамал тағу туралы талап қойылды. Бұл талап наурыз айының басында енгізілді, сондай-ақ тұрмыстағы әйелдерге жұмысқа сары көйлек киіп келу міндеттелген. Егер жаңа ережеге бағынбаса, оларды жұмыстан шығару қаупі бар.
Түрікменстанда заңды негізі жоқ, бірақ сақталмаған жағдайда ауыр салдарға әкелетін талаптар көбейіп келеді. Елдің, әсіресе Ашхабад қаласының тұрғындары, түрлі шектеулерге тап болуда: автокөліктер тек ақ немесе ашық түсті болуы керек, ғимараттардың сыртқы қабырғаларынан кондиционерлер алынып тасталды, ал әйелдерге дәстүрлі көйлек кию міндеттелген.
Жас ер адамдарға да таза қырыну талабы қойылған, бұл іс жүзінде сақал қоюға тыйым салу болып табылады. Мұндай шектеулер Орталық Азияның басқа бөліктерінде де байқалып отыр.