Коронавирустың жаңа штамы қаншалықты қауіпті?

22 Тамыз 2023, 11:50 1108

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысынан кейінгі кулуарда коронавирустың жаңа штамына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дүниежүзінде коронавирустың омикрон түрінің Eris штамы тіркелді. Зерттеу жұмыстарының нәтижесіне қарасақ, елімізде бұл штамм жоқ. Қытай, Америка және Еуропа елдерінде бұл штамның бар екені дәлелденді. Жаңа штамм омикрон белгілеріне ұқсас. Дегенмен онымен ауырған адамда ауру жеңіл өтеді, көбіне тұмау сияқты өтіп жатыр, - деп түсіндірді министр.

Бұған дейін коронавирустың жаңа түрі тарағаны туралы ақпарат айтылған болатын.

Миражан Махан
Бөлісу: