Коронавирус жұқтырған 9 адамның жағдайы ауыр

13 Қаңтар 2023, 10:05 972

Өткен тәулікте елімізде 112 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

13 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 315 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 225 пациент стационарда, 2 090 науқас амбулаториялық деңгейде.

«КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 9 адамның жағдайы ауыр, 5 пациенттің жағдайы өте ауыр, 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», делінген Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратта.

EL.KZ
Бөлісу: