Коронавирус жұқтырған 37 науқастың жағдайы ауыр

17 Тамыз 2022, 10:03 843

Бұл туралы ведомствоаралық комиссия хабарлады

Қазақстан аумағында 21 957 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр,– деп хабарлайды El.kz.

Ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, олардың ішінде 1 058 пациент стационарда, 20 899 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

«КВИ-ге шалдыққандардың арасында 37 адамның жағдайы ауыр, 6 пациенттің жағдайы өте ауыр, 4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», – деп жазды комиссиядан.

Бөлісу: