Коронавирус пен пневмонияға тағы 104 адам шалдықты

10 Ақпан 2023, 09:21 770

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясы – 94, коронавирус белгілері бар пневмония 10 адамнан анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

10 ақпандағы мәлімет бойынша, қазір ел өңірлерінде коронавирустан 1 649 адам (коронавирус (ВКИ+) –1 484, пневмония (КВИ-) – 165) емделіп жатыр. Олардың ішінде 121 пациент стационарда, 1 528 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 10 адамның жағдайы ауыр,

- 1 пациенттің жағдайы өте ауыр.

Айта кетейік, 9 ақпандағы мәлімет бойынша, қазір өңірлерде коронавирус инфекциясынан 1 595 адам (коронавирустан (КВИ+) –1 435, пневмониядан (КВИ-) – 160) емделіп жатқанын хабарлаған болатынбыз.  

EL.KZ
Бөлісу: