Коронавирусқа шалдыққан 18 адамның жағдайы ауыр

29 Тамыз 2022, 15:07 821

Бұл туралы Денсааулық сақтау министрілігі мәлімдеді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққан науқастар туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды El.kz.

29 тамыздағы дерек бойынша, ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан 18 425 адам емделіп жатыр, оның ішінде коронавирустан – 18 074 (КВИ+), коронавирус пневмониясынан – 351 (КВИ-).

573 пациент стационарда жатса, 17 852 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

- 18 адамның жағдайы ауыр,

- 6 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 5 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Бөлісу: