Коронавирусқа қарсы вакцина салу жалғасып жатыр

30 Қыркүйек 2022, 09:08 929

Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді

29 қыркүйекте Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 10 835 128 адам, 2-компонентін 10 591 968 адам салдырды, деп хабарлайды El.kz санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің телеграм каналына сілтеме жасап.

Сондай-ақ, «Pfizer» вакцинасының I дозасын 1 239 657 адам, ІІ дозасын 1 201 886 адам салдырды. Оның ішінде: І компонентімен 874 800 жасөспірім, 41 708 жүкті әйел, 145 493 бала емізетін ана егілді. Ал, ІІ компонентімен егілген жасөспірім – 861 020, жүкті әйел – 39 652, бала емізетін әйел – 142 091.

Бөлісу: