Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан көркем гимнастикадан әлем кубогы кезеңі бел ортасына жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спортты дамыту дирекциясы іріктеу нәтижесінде отандасымыз Айым Мейіржанова көпсайыста 8-сатыға жайғасып, лента, доп жаттығуынан финалға жолдама алғанын атап өтті. Ал Айбота Ертайқызына 5-орын шығыршық, лента және ұршықпен финалда өнер көрсетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ топтық сайыста Қазақстан командасы 2 жаттығуда (лента және 3+2) артық сынға шықты.