Корея президенті Юн Сок Ёль Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

7 Маусым, 10:32 591

Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен биылғы 11-13 маусым күндері Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Екі ел басшылары келіссөз жүргізеді және қазақ-корей бизнес-форумына қатысады деп жоспарланып отыр. Сапар аясында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады. 

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: