Корей труппасы Астанада өнер көрсетті

11 Тамыз, 21:10 545

Кореяның ұлттық заманауи би ұжымы алғаш рет «Астана Операда» «Джунгли» хореографиялық туындысын сахналады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тұмса табиғат тіршілігі арқылы адам өмірін фило­со­фиялық тұрғыда көрсететін бірегей қойылым көпшілік көрерменге ерекше әсер сыйлады.

«Джунгли» хореографиялық туындысы ұлттық заманауи би компаниясының көркемдік жетекшісі Ким Сонён жасаған атипті қозғалыстарды зерттеуге негізделген.

Өз ісінің мамандарынан құралған шығармашылық ұжымның 17 әртісі жоғары деңгейде өнер көрсетті.

Корея ұлттық заманауи би компаниясының өнер мен табиғаттың үйлесімін туған бірегей қойылымы астаналық көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Перизат Саденова
Бөлісу: