"Көпірде есік ашуымды талап етті". Алматыдағы әйел жүргізушісі не үшін соққыға жығылған

25 Желтоқсан 2023, 09:55 2028

Өткен жұмада Алматыда болған жол-көлік апатына қатысты тың мәлімет тарады,  деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Тiktok желісінде №47 автобустың жүргізушісінің оқиғаға қатысты аудиожазбасы жүр.

Ол меннен көпірде есікті ашуымды талап етті. Өз аялдамасынан өтіп кеткен екен. Келесі аялдамадан түсуін сұрағанымда, ол мені балағаттай бастады. Маған қазір көресіні көрсететінін айтты. Мен оған сенбей, “көрсет” дедім. Содан кейін екі соққы жасаған сияқты. Әрі қарай есімде жоқ, есімнен танып қалдым. Сөйлей алмай тұрмын, жағымнан қатты ұрған - дейді ол.

Айта кетейік, 22 желтоқсанда сағат 18:15-те №47 бағыттағы қоғамдық көліктің жолаушысы көлікті басқарған әйел жүргізушіні ұрған, жанжал салдарынан жүргізуші есінен танып қалған. Салдарнан автобус аялдама маңында тұрған адамдарды қағып, төрт көлікпен соқтығысқан. Үш адам тіл тартпай кетті.

Қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды. Бұл дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: