Көпбалалы аналар 8 наурызда ақшалы болады

4 Наурыз, 17:00 9380

Елордада 34 мыңға жуық көпбалалы аналар біржолғы әлеуметтік төлем алады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Астана қаласының көп балалы отбасыларына, көп балалы аналарға, оның ішінде аз қамтылған аналар болып табылатын 34 мыңға жуық азаматшаға 2,5 АЕК (9230 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төленеді.

Төлем «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Әлеуметтік төлемдер орталығының тізімдері негізінде Астанада тіркелген және тұрақты тұратын көп балалы отбасыларға, көп балалы аналарға, оның ішінде аз қамтылған аналарға жүргізіледі.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: