Көп ақша табатындар МӘМС жарнасын көбірек төлейді

Бүгiн, 11:40 165

Мәжілісте МӘМС жүйесіне қатысты заң жобасы қаралып жатыр. Заң жобасында 2026 жылы 1 қаңтардан бастап МӘМС жүйесіне жарналар мен аударымдардың жоғарғы шегін 10-нан 50-ге дейінгі ең төмен жалақы мөлшерінде арттыру ұсынылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазір жарна есептеу 10 ең төменгі жалақы шегімен шектелсе, жаңа өзгеріске сәйкес бұл көрсеткіш 50-ге дейін ұлғайтылмақ.

Бұл түзету шамамен 508 мың жалдамалы қызметкерге немесе барлық жұмыс істейтін азаматтардың 9 пайызына әсер етеді. Себебі қазіргі жүйеде жоғары табысы бар адамдар МӘМС-ке табысына сай емес, аз мөлшерде жарна төлеп отыр, — деді министр Ақмарал Әлназарова.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: